Skip to content

Мектебімізде «Даналық мектебі – тәрбиенің алтын көпірі» атты ата-аналарға арналған тағылымды іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту, отбасы құндылықтарын дәріптеу және бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті арттыру.
Шара ерекше форматта ұйымдастырылды. Алдымен мектебіміздің дарынды оқушыларының жетістіктерін насихаттайтын «Жетістікке толы жол» атты көрмесі таныстырылды. Көрмеде оқушылардың білім, өнер, спорт салаларындағы жетістіктері көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шараның келесі бөлімінде практикалық жұмыстар ұйымдастырылып, Аналар мектебі, Әкелер мектебі, Аталар мектебі, Әжелер мектебі өз бағыттары бойынша мазмұнды жұмыстарын көрсетті. Бұл бөлімде ата-аналар өзара тәжірибе алмасып, бала тәрбиесіндегі маңызды ой-пікірлерімен бөлісті.
Қорытынды бөлімде ата-аналардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, мектеп өміріне белсене араласып жүрген ата-аналарға ризашылық білдірілді. Сонымен қатар дарынды оқушыларға сапалы білім беріп, олардың жетістіктеріне қолдау көрсетіп жүрген ұстаздар мен дарынды оқушылар марапатталып, ата-аналарына алғыс хаттар табысталды.
Іс-шара соңында мектеп оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған шығармашылық концерт көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Құрметті ата-аналар, оқушылар және мектеп ұжымы!
Сіздерге қасиетті қара шаңырақ Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі белгілеген мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өткені туралы қуана хабарлаймыз!
🌟 *Негізгі Жетістіктер*
Аттестаттау комиссиясы мектебіміздің келесі бағыттар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына толық сәйкес келетінін растады:
• *Оқу-тәрбие процесінің сапасы:* Оқу бағдарламаларының орындалуы, оқыту әдістерінің тиімділігі және оқушылардың білім деңгейі жоғары бағаланды.
• *Педагогикалық кадрлардың әлеуеті:* Мұғалімдердің кәсіби біліктілігі, біліктілікті арттыру курстарынан өтуі және оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізуі оң бағаға ие болды.
• *Материалдық-техникалық база:* Оқу кабинеттерінің жабдықталуы, оқу құралдарымен қамтамасыз етілуі, қауіпсіздік және санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы.
• *Тәрбие жұмысы:* Оқушылардың азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбиесі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
🥇 *Бұл Жетістік Кімнің Еңбегі?*
Бұл жеңіс – бүкіл мектеп ұжымының, әрбір мұғалімнің, оқушының және ата-ананың бірлескен еңбегінің жемісі.
• *Ұстаздарға* – кәсіби шеберліктері мен оқушыларға деген адалдығы үшін алғыс айтамыз.
• *Оқушыларға* – білімге деген құштарлықтары мен мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысқандары үшін рахмет!
• *Ата-аналарға* – мектепке көрсеткен сенімі мен қолдауы үшін зор алғысымызды білдіреміз.

Біз алдағы уақытта да білім беру сапасын арттыру және оқушыларымыз үшін қолайлы орта құру бағытында жұмысымызды жалғастырамыз.
Құрметпен, мектеп-лицей директоры Гульбахрам Сагатбековна Мейрбекова

📚2025- 2026 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ- нің 10 А сынып оқушысы Жартыбай Аружан мен 9 В сынып оқушысы Қажытай Іңкәр қатысып, нәтижесінде жүлделі I орынға ие болды. 10 А сынып оқушысы Жартыбай Аружан олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама алды. Пән мұғалімдері: Қуанышбекова Гүлнар Қасылқызы, Сейткалиева Мейрамгуль Жаксылыковна. Құттықтаймыз!

“Қашықтықтан BOOM “облыстық жобасы аясында пән мұғалімдері арасында өткен облыстық бейнесабақтар байқауына қатысқан мектеп лицейіміздің мұғалімдері жүлделі орындармен марапатталды.
2 дәрежелі диплом :
Каденова А.М химия пәні мұғалімі
Джабаспаева Ж Б информатика пәні мұғалімі
Саметова Д.М қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі
3 ші дәрежелі диплом:
Макашева Ж.М бастауыш сынып мұғалімі.
Жеңісітеріңіз құтты болсын!!

«Ақыл,қайрат,жүректі бірдей ұста» облыстық байқауы
1.«Көркемсөз шебері» номинациясы /Абай өлеңдерін жатқа оқу мен мәнерлеп жеткізу/
Балқаш қаласы«Абай атындағы 2-мектеп-лицейі» КММ Алғамжанова Сара 9-сынып оқушысы облыстық кезеңде жүлделі 2 орын алды. Сондай-ақ, байқаудың жүлде қорынан 700 мыңдық Сертификат иегері атанды.
Жетекшісі-Имухаметова Салтанат Сәбитқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-сарапшы. Құттықтаймыз!

Облыстық “Математикалық регата” математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасына Балқаш қаласы команда құрамында мектеп лицейіміздің математика пәні мұғалімі Қордабай Е.С қатысып келді.
Біздің команда облыстан жүлделі 1орын дипломымен марапатталды.
Ерсұлтан Саятұлы,математика ғылымының биік шыңынан көріне беріңіз!!!
Құттықтаймыз!!!

Қарағанды облысында Білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен “Математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің ашық республикалық шығармашылық байқауының” қалалық және облыстық кезеңіне қатысып,жүлделі 3-орынды иеленген информатика пәні мұғалімі Аманжол Қарақат Аманжолқызын жеңісімен құттықтаймыз!

Қарағанды облысының физика пәні мұғалімдеріне арналған көрнекті ғалым,Темірғали Көкентайтегі атындағы физика пәні мұғалімдерінің облыстық олимпиадасында Абай атындағы 2 мектеп лицейіміздің физика пәні мұғалімі Махмет Кенже Саятұлы қатысып,жүлделі 3 орын дипломымен марапатталды.
Жеңіс құтты болсын,білім шыңынан көріне беріңіз.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында өткен республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңіне мектеп-лицейімізден 5 оқушы қатысты. Олар: Бақыт Жанерке – 7А сынып – қазақ тілі мен әдебиеті (пән мұғалімі: Қуанышбекова Г.Қ) , Қонысбай Аягөз – 7Ә сынып – Қазақстан тарихы (Пән мұғалімі: Шармуханбетова Ж.А), Арғын Дана – 8Б сынып – қазақ тілі мен әдебиеті (пән мұғалімі: Балтабай А.С), Тұрған Мейіржан – 8А сынып – ағылшын тілі (Пән мұғалімі: Мусина С.М), Абдыкарим Ибрахим – 7Ә сынып – информатика (пән мұғалімі: Аманжол Қ.А). *Нәтижесінде* 4 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Олар: Арғын Дана – 8Б сынып – қазақ тілі мен әдебиеті (пән мұғалімі: Балтабай А.С) -І орын, Тұрған Мейіржан – 8А сынып- ағылшын тілі (Пән мұғалімі: Мусина С.М) – І орын, Бақыт Жанерке – 7 А сынып – қазақ тілі мен әдебиеті (пән мұғалімі: Қуанышбекова Г.Қ) – ІІ орын, Қонысбай Аягөз – 7Ә сынып – Қазақстан тарихы (Пән мұғалімі: Шармуханбетова Ж.А) -ІІІ орын. Құттықтаймыз!

05.09.2025 ж. күні Қарағанды қаласында жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасында Жамбыл Жабаевқа арналған «Жыр алыбы-Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңінде мектеп-лицейдің 9А сынып оқушысы Жарылқасын Айдын жүлделі 2 орынға ие болды. Жетекшісі: Имухаметова С.С. – қазақ тілі мен әдебиті пәні мұғалімі, педагог-сарапшы. Құттықтаймыз!!!

Лицейіміздің 2025-2026 оқу жылындағы 11 А сыныбының үздік оқушысы, Алтын белгі үміткері Медетбек Аяна қажырлы еңбегінің, табандылығының арқасында Назарбаев Университетінің грант иегері атанды. Лицейіміздің тарихындағы Назарбаев Университетіне түскен алғашқы түлегіміз Советова Эльдананың жолын қуған екінші түлегімізге алдағы уақытта білім шыңын бағындырып, білікті маман иесі болуға тілектеспіз. Аянаны шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Қасым-Жомарт Тоқаевтың

Қазақстан Республикасының халқына жолдауы

Мейрбекова Гульбахрам Сагатбековна

Директор блогна өту

ЖАҢАЛЫҚТАР

Instagram Post

Пайдалы сілтемелер